
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Омаров Арман Найманбайұлы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
А.Н.Омаров прокуратура органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады. Алматы облысының және Алматы қаласының прокуратура органдарында аудандық прокурордың көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры және басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры және аға прокуроры, Талдықорған қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Алматы облысының Райымбек және Ұйғыр аудандарының прокуроры, Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры лауазымдарында жұмыс істеген.
Қарағанды облысының прокуратурасы