"Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында қала прокуратурасы ашық диалог форматында ұйымдастырған "Прокурорға 100 сұрақ" кездесуіне белсенді жастар өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар қала прокуроры Жанқозы Нақышевқа өздерін толғандыратын сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Диалог барысында көтерілген тақырыптар заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтудағы жастардың рөлі мәселелеріне қатысты болды.
Қала прокуроры барлық сұрақтарға толық жауап беріп, прокуратура органдарының халықпен, әсіресе өскелең ұрпақпен ашық өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулерді өткізу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға және азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал етеді.
Қарағанды облысының прокуратурасы