Қарағанды облысының прокуратурасында экология саласында заңдылықтың сақталу мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.
Отырысты ашқан облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров өңір үшін экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Прокуратура жүйелі шешімдерді талап ететін табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың елеулі фактілерін анықтады. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдалану саласында келтірілген шығын жүздеген миллиард теңгеге алып келген заңсыз карьерлердің жұмысын тоқтату бойынша шаралар жүргізілді. Анықталған фактілердің бірі бойынша іс қозғалып, 500 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді.
Орман және су заңнамасын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Прокурорлар жеке меншікке заңсыз берілген үш орман алқабын қайтарды, олардың құны 340 миллион теңгені құрады.
Отырыс барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы рұқсат беру рәсімдерін жетілдіру, тазарту құрылғыларын жаңғырту және қоқыс полигондарын жою мәселелері қаралды.
Алқа қорытындысы бойынша уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Экологиялық жағдайды жақсартуға, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтуға және өңірдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Қарағанды облысының прокуратурасы