Қарағанды облысының прокуратурасы «вейпті өз еркімен тапсыру» бойынша профилактикалық іс-шара өткізді

Қарағанды облысының прокуратурасы «вейпті өз еркімен тапсыру» бойынша профилактикалық іс-шара өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында құқықтық тәртіп пен әділеттілікті нығайтудың, сондай-ақ қылмыстық заңнаманы жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл тұрғыда азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұған дейін 2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылған болатын. Аталған Заң шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату, не оларды айтарлықтай мөлшерде сату немесе тарату мақсатында сақтау, жөнелту, тасымалдауды қылмыстық құқық бұзушылық ретінде жіктейді.
Осы өзгерістерді түсіндіру мақсатында Қарағанды облысының прокуратурасы қыркүйектің 5-і мен 7-сі аралығында «вейпинг пен компоненттерді өз еркімен тапсыру бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Шара барысында облыстың қалалары мен аудандарында 18 қабылдау пункттері ашылып, 500 мыңға жуық тұрғындар ақпараттық жұмыспен қамтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында («Saryarqa», «Өркен-Медиа», «Бірінші Қарағанды арнасы» және аймақтық басылымдар) кеңінен жариялануы, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі белсенді жұмыс 150 мыңнан астам пайдаланушыға негізгі түсініктемелерді жеткізуге мүмкіндік берді. Негізінен тыйым салынғанға дейін сатып алынған 10 мыңнан астам электрондық тұтыну жүйелері мен компоненттері өз еркімен өткізілді. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Акция қоғамда үлкен қолдау тудырды, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті, жастар мен ата-аналардың назарын вейпті қолдану мәселесіне аударып, бұл өнімдердің әлеуметтік тартымдылығын төмендетті.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп

Қарағанды облысының прокуратурасы