Қарағанды облысында көмір өндіруші кәсіпорынның 343,6 млн теңге салық төлеуден жалтару дерегі анықталды

Қарағанды облысында көмір өндіруші кәсіпорынның 343,6 млн теңге салық төлеуден жалтару дерегі анықталды

Қарағанды облысының прокуратурасы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның салық төлеуден жалтару фактісін анықтады.

2025 жылғы 13 маусымда Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды.

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Залал толық көлемде өтелуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп

Қарағанды облысының прокуратурасы