Қарағанды облысы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Балқаш қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексеру жүргізді.
Тексеру барысында мемлекеттік тұрғын үйлерді заңсыз пайдалану деректері анықталды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедектерге және көпбалалы отбасыларға тиесілі пәтерлерде келісімшартсыз тұру фактілері орын алған. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы жалға беріліп келген және бос тұрған пәтерлер де анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура қала әкімінің атына ұсыну енгізді. Аталған бұзушылықтардың орын алу себебі – жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі және тиісті бақылаудың болмауы.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Балқаш қаласының әлеуметтік осал санатындағы екі тұрғыны — жетім бала және жалғызбасты ана — заңды тұрғын үйге ие болды, басқа пәтерлер бойынша құжаттарды ресімдеу жүмыстары жүргізілуде
Бүгінгі күні әкімдік тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу жұмыстарын қолға алды.
Балқаш қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау және тұрғын үй қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
Қарағанды облысының прокуратурасы