Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен алаяқтықпен күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен алаяқтықпен күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді

Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Кеңес барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтардың көбеюімен байланысты ең өзекті мәселелер қаралды.

Ағымдағы жылы  міндеттеріне адал қарамау фактілері бойынша сотқа дейінгі 8 тергеу басталды, біреуі — ақпараттың ағып кетуі, 8 — сим-бокс пен прокси-серверлерді заңсыз пайдалану, сондай — ақ 2-трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметі бойынша тергеу басталды. "Антифрод" жүйесінде үш мыңнан астам инцидент тіркелген. Соттар 107 млн теңгеден астам сомаға "дроперлер" деп аталатын 89 талап арызды қанағаттандырды.

Облыс прокуроры ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында белсенді жұмысты жалғастыру, профилактикалық іс-шараларды күшейту, ведомстволар арасындағы ақпарат алмасуды жеделдету және азаматтардың өтініштеріне уақытлы жауап беру маңыздылығын атап өтті.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

Қарағанды облысының прокуратурасы