Қарағанды облысының прокурорлары картопты тауар биржаларынан тыс сату фактілерін анықтады

Қарағанды облысының прокурорлары картопты тауар биржаларынан тыс сату фактілерін анықтады

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы биржалық тауарлардың сатылуына талдау жүргізді.

Бірқатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 60 тоннадан асатын көлемдегі картопты тауар биржаларынан тыс сатқаны анықталды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығына сәйкес мұндай көлемдегі жаңа піскен немесе салқындатылған картопты өткізу тек қана тауар биржалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті 12 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жауапкершілікке тартты. Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 268-бабының 3-бөлігі бойынша 69 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ресімделді, айыппұлдың жалпы сомасы 14,7 млн теңгені құрады.

Алдағы уақытта 60 тоннадан асатын мөлшерді құрайтын жаңа піскен және салқындатылған картопты сату тек тауар биржалары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қабылданған шаралар бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ биржалық нарықтардағы бағаларды қалыптастырудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп

 

Қарағанды облысының прокуратурасы