Қарағанды облысындағы №29 түзеу мекемесінде рақымшылық заңын қолдануға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарға рақымшылық шарттарын түсіндіру және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Шараға Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі Лаура Лашкарева, мамандандырылған прокуратураның прокуроры Абылайхан Сулейменов және мекеме қызметкерлері қатысты.
Мамандар заңның негізгі ережелері мен оны қолдану тәртібін жан-жақты түсіндіріп, сотталғандардың сұрақтарына нақты жауап берді.
Рақымшылық рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын сақтау басты назарда болды.
Қарағанды облысының прокуратурасы