Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің төрағалығымен қадағалаушы органның алқа отырысы өтіп, онда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленді.
Жұмысқа облыс прокуратурасының басшылығы, қала, аудандардың прокурорлары қатысты.
Отырысты ашқан облыс прокуроры өткен кезеңде прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдауға, балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың, әсіресе отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, көлеңкелі экономикамен, есірткі қылмыстарымен күреске,алаяқтықты, сонымен қатар азаматтар мен бизнестің мәселелерін тиімді шешуге ерекше көңіл бөлгенін атап өтті.
Облыс прокурорының орынбасарлары атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңдегі міндеттер туралы баяндамалар жасады.
Алқа қорытындысы бойынша облыс прокуроры алдағы кезеңнің басым міндеттерін айқындады.
Қарағанды облысының прокуратурасы