Қарағанды облысында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын анықтауға және оларға көмек көрсетуге бағытталған «FSM Social» пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асырылуда.
Мобильді жұмыс топтарының құрамы жаңартылды: олардың құрамына білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, полиция және пробация қызметінің өкілдері кірді.
Пилоттық жобаның шарттарына сәйкес, қолдауды қажет ететін отбасылар туралы ақпарат енді Отбасын қолдау орталықтарына тек «FSM Social» арнайы мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі.
«FSM Social» жобасының ақпараттық жүйесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы әзірлеген Отбасының цифрлық картасымен біріктірілген.
Қазіргі таңда облыста төрт Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді (Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск қалаларында және Бұқар жырау, Нұра, Осакаров аудандарында).
Бүгінгі таңда пробация қызметі көмекке мұқтаж отбасылар туралы 40 сигнал жіберді. Олардың бірқатарына әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсетілді.
«FSM Social» жобасын дамыту және жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады.
Қарағанды облысының прокуратурасы