Қарағанды облысының прокуратурасы Полиция департаментімен, Білім бақармасымен, Төтенше жағдайлар департаментімен және Психологиялық қолдау орталығымен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында балалар лагерінде танымдық іс-шара өткізді.
Акцияның мақсаты - жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, еліміздің заңдарына және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарауды насихаттау.
Іс-шара аясында балаларға арналған шеберлік сағаттары, мемлекеттік орган өкілдерімен кездесулер, ойындар мен викториналар өткізілді. Бағдарлама әділеттілік, мейірімділік, өзара құрмет пен жеке жауапкершілік туралы түсінікті тереңдетуге бағытталды.
Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда жарақат алудың алдын алу, жолда және су жағасында өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді. Полиция және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары балаларға қауіпсіздік ережелерін ойын және спорттық түрде жеткізді.
Сондай-ақ, Психологиялық қолдау орталығының мамандары өзін-өзі тануға және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты ойындар мен тренингтер өткізді.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар пайдалы, қажетті ақпарат алумен қатар жарқын әсерге бөленді.
Қарағанды облысының прокуратурасы