Қарағанды жастары Олимпиада чемпионымен және «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншыларымен кездесті

Қарағанды жастары Олимпиада чемпионымен және «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншыларымен кездесті

«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Қарағанды облысының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, жастармен есірткінің алдын алу және интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және олардың өз болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталған.

Жастар алдында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Владимир Князев және команда ойыншылары сөйледі. Олар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, спорттың, өзін-өзі тәрбиелеу және дұрыс өмірлік бағдар ұстану маңыздылығын ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, қатысушылар Интернетте кездесетін қауіптер: заңсыз әрекеттерге тарту, тыйым салынған заттарды тарату, анонимді арандатушылықтар мен әлеуметтік желілердегі манипуляциялар туралы ескертілді.

Ұйымдастырушылар дұрыс таңдау жасау -денсаулықты, бостандық пен болашақты сақтау екенін атап өтті.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы