Саран қаласының прокуратурасы «Saran» индустриялық аймағының инвесторларының жобаларын белсенді түрде қолдауда

Саран қаласының прокуратурасы «Saran» индустриялық аймағының инвесторларының жобаларын белсенді түрде қолдауда

Қарағанды облысының инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Саран қаласы әкімдігінің қаулысымен республикалық маңызы бар «Saran» индустриялық аймағы құрылды.

Оның аумағында шина шығаратын зауыт салу, автобус шығару сияқты ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Тағы 8 жобаны кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда.

Оларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде прокуратура органдары қолдау көрсетеді.

Ағымдағы жылдың өзінде Фронт-офис жұмысы аясында Саран қаласының прокуратурасы инвестицияларының жалпы көлемі 85 миллиард теңгеден асатын инвесторлардың 7 проблемалық мәселесін шешуге көмек көрсетті.

Мысалы, Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты жобасын іске асыру барысында инвестор газды қосу, техникалық сумен қамтамасыз ету, іске қосу жұмыстарына, сынау және нысанды пайдалануға беру үшін қажетті санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу мәселелеріне тап болды.

Прокуратура барлық мүдделі тұлғалардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесулерін өткізді, нақты тапсырмалар берді, заң талаптарын түсіндірді.

Нәтижесінде проблемалық мәселелер тез арада шешімін тапты. Прокуратура органдарының көмегінің арқасында ағымдағы жылдың 12 маусымында кәсіпорын іске қосылып, 115 жұмыс орны ашылды.

Инвесторлардың құқықтары бұзылуының әрбір фактісі бойынша 8 (7212) 57-01-56 (ішкі 709-04-04) нөміріне немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлерге дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

    Қарағанды облысының прокуратурасы