Қарағанды облысында заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде Қарағанды облысы прокуратурасы, полиция департаментімен және Экономикалық тергеу департаментімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен бірлескен бастамасы аясында "Көшпелі қабылдау" форматында азаматтарды жергілікті жерде қабылдау ұйымдастырылды. Мобильді топтар облыс орталығында да, облыстың шалғай елді мекендерінде де болды.
Қабылдау барысында азаматтар еңбек, әлеуметтік және тұрғын үй құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы және басқа да өзекті тақырыптар бойынша қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдеріне тікелей хабарласа алды.
Барлығы 55-тен астам өтініш қабылданды. Олардың әрқайсысы бойынша құқықтық түсініктемелер беріліп, қосымша пысықтауды қажет ететін өтініштер бақылауға алынды.
Қарағанды облысының прокуратурасы