Прокуратура балалар үйі түлегінің тұрғын үй құқығын қалпына келтірді

Прокуратура балалар үйі түлегінің тұрғын үй құқығын қалпына келтірді

Абай ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында қолданыстағы заң нормаларына қарамастан, балалар үйінің түлегі баспанамен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сәйкес мемлекет азаматтарды, оның ішінде жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Прокуратураның қадағалау іс-шараларының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тиісті шара қолданып, қазіргі уақытта жас жігіт жаңа тұрғын үйден пәтер алды.

Прокуратура азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы