Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
Осы жұмыс аясында прокурорлар 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады.
Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып табылады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.
Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.
Өз кезегінде құқық бұзушы өз кінәсін мойындамады.
Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды - кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы