Қарағанды облысының прокуратурасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының прокуратурасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды

Қарағанды ​​облысының прокуратурасында «Заң және Тәртіп: құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Шараға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, әкімдіктің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта аумақтық прокурорлар мен әкімдер қатысты.

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров атап өткендей, «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік желілер арқылы 2 миллионнан астам қаралым жинаған 120-дан астам жарияланым орналастырылды. Жұмысқа блогерлер мен Telegram арналары тартылды.

Облыс прокуратурасының бастамасымен түсірілген «Закладка» және «Они психологи» деректі фильмдері, танымал тұлғалардың қатысуымен түсірілген TikTok роликтері кеңінен таралуда.

«Тиімді көмек» акциясы аясында 62 ауыл қамтылып, әлеуметтік мәселелер шешілді, балалардың құқықтарына қатысты дәрістер оқылып, ашық соттар, мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді.

Облыс прокуроры нашақорлық, бұзақылық, алаяқтық және тұрмыстық жанжалдар сияқты өзекті мәселелердің алдын алуда барлық секторлардың өзара іс-қимылдары маңызды екенін атап өтті.

Прокуратураның жобалары, сонымен қатар Бас прокуратура әзірлеген және күнделікті жұмыста қолданылатын цифрлық шешімдер ұсынылды.

Азаматтық белсенділер, ҮЕҰ және бизнес қауымдастығы алғыс хаттармен марапатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы