Қарағандыда прокуратура қызметкерлері арасында дәстүрлі садақ атудан республикалық жарыс өтті

Қарағандыда прокуратура қызметкерлері арасында дәстүрлі садақ атудан республикалық жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қарағандыда ұлттық спорт түрлерін сақтау мен насихаттауға арналған дәстүрлі садақ атудан республикалық жарыс өтті. Шараға еліміздің өңірлерінен прокуратура қызметкерлері қатысты.

Дәстүрлі садақ ату тек қана спорттық ойын түрі ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының маңызды элементі болып табылады. Жарыс батырлардың ерлігі мен Ұлы дала мәдениетінің байлығын бейнелейтін ұрпақтар сабақтастығының, батылдық пен қайсарлықтың символына айналды.

Қатысушылар жарысқа ұлттық киіммен қатысып, сыртқы әдемілікті ғана емес, жоғары дайындық деңгейін де танытып, шеберліктері мен күш-жігерлері арқылы ата-баба рухын жаңғырта отырып, салт-дәстүрге тағзым етіп, дәлдік, төзімділік пен ептілік  көрсетті, бұл «Адал азамат» тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырған ұлттық ат спорты ойындары «Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Жамбы ату» бойынша көрнекі қойылымдар өтті. Жарыс жеңімпаздарына естелік сыйлықтар, сертификаттар мен кубоктар табыс етілді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы