Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Фронт-офис жұмысы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының прокуратурасы «FQM EXPLORATION KAZAKHSTAN LLP» ЖШС-не мыс кен орнында геологиялық барлау жұмыстарына сервитут алуға көмек көрсетті.
Барлау, өндіру және мыс қорыту зауытын салуды жоспарлап отырған компания рұқсаттарды алу процесінің ұзаққа созылу жағдайына тап болған.
Прокуратура әкімдік өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізіп, оның барысында сервитутты алу тәртібін түсіндіре отырып, рәсімді жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жедел өзара іс-қимылдың арқасында 2025 жылғы 13 мамырда әкімдік инвесторға ағымдағы жылдың маусым айында жобаны іске асыруды бастауға мүмкіндік беретін қаулы шығарды.
Инвесторлардың құқықтарын бұзудың әрбір фактісі бойынша 8 (7212) 57-01-56 (ішкі 709-04-04) нөміріне немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлерге дереу хабарласуыңызды сұраймыз.
Қарағанды облысының прокуратурасы