Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі.
Жыл басынан бері Атырау қаласының прокуратурасы 200-ден астам балалардың құқықтарын қорғады. Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның 24 қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Мысалға, полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қорғаушының қатысуынсыз әкімшілік хаттамалар жасақтаған. Прокуратураның наразылығы негізінде 197 хаттамалардың күші жойылды.
Сонымен қатар мүгедектігі бар үйден оқитын балаларға жәрдемақы төленбегені, сондай-ақ заңмен белгіленген нормаларға сәйкес жетім балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үй кезегіне қоймағаны туралы деректер анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 3 жетім бала тұрғын үй алуға кезекке тұрғызылды, 7 мүгедектігі бар үйден оқитын балаларға жәрдемақы төленді.
Прокуратураның араласу нәтижесінде жетім балалар мен мүгедектігі бар балалардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Бұдан басқа, прокурорлар теріс мазмұнды және өз-өзіне қол жұмсау, есірткі құралдарын насихаттайтын 85-тен жоғары зиянды интернет-сайттарды, чаттарды және әлеуметтік желідегі парақшаларды бұғаттады.
Аталған бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда .
Атырау облысының прокуратурасы