Атырау облысының прокуроры инвесторлармен кездесті

Атырау облысының прокуроры инвесторлармен кездесті

Мемлекет басшысы халық пен елдің игілігі үшін экономикамыздың ілгері, қарқынды дамуына бағытталған бірқатар шешімдер қабылдап, оның ішінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды және инвестициялық жобалардың кедергісіз жүзеге асырылуын қадағалауды прокуратура органдарына тапсырды.

Президентіміздің тапсырмасын мінсіз орындау мақсатында Бас Прокурормен инвесторларды қорғауға және оларды сүйемелдеуге нұсқау берілген.

Облыс прокурорымен 2025 жылы наурыз айының 4 күні инвесторлармен кездесу өткізіп, оларға қатысты құзырлы органдармен қандай да бір әрекеттері «Прокурордың сүзгісінен» өткізілетінін және міндетті түрде келісуді реттейтін Кәсіпкерлік, Азаматтық іс жүргізу және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне түзетулер қабылданып, қолданысқа енгізілгені түсіндірілді.

Кездесу «Теңізшевройл» ЖШС-нің мәжіліс залында, жалпыұлттық пулға енгізілген 35 инвесторлар мен 50-ден астам ірі бизнес субъектілерінің қатысуымен өткізілді.

Жиынға «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Кевин Лайон, «NCOC» компаниясының директоры Джонкарло Рую және инвестициялық жобалар мен жергілікті атқару, уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Шарада Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов кәсіпкерлерді қолдау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкердің, оның ішінде әр инвестордың өз құқығын қорғау үшін жүгінуге мүмкіндіктерін қосымша жеткізіп, прокуратураның ерекше орнын және әрбір мәселе үнемі қадағалауда болатынын атап өтіп, қонақтарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Сондай-ақ, өңірдің қоршаған ортасын аялап және азаматтардың еңбек құқықтарын сақтай отырып, әр инвестициялық жобаның сапалы, жауапкершілікпен жүзеге асыру маңыздылығына назар аударды.

«ТШО» және «NCOC» басшылары прокурорларға үлкен сеніммен алғыс білдіре отырып, ораза тұтқан әр жанға қабыл болуын ниет етті.

Жалпы облыс прокуратурасының сүйемелдеуіндегі 6,5 трлн теңге құрайтын 35 инвестициялық жобаның 15-і іске қосылып (құны 69 млрд тг), 719 тұрақты жұмыс орны ашылды және 18 инвестордың мәселесіне көмек көрсетіліп, 2 361 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Кездесуге қатысқан инвесторлар прокурорлық сүзгі жобасынан бизнес-климаттың жақсарғанын айтып, алғыстарын білдірді.

 

Атырау облысының прокуратурасы