Прокуратура дәрілерді жоғары бағамен сатудың жолын кесуде

Прокуратура дәрілерді жоғары бағамен сатудың жолын кесуде

Облыс прокуратурасымен дəрілерді жоғары бағамен сату және алыпсатарлық фактілерін анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Облыс прокурорының өкімімен құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлері қатарынан арнайы Жұмыс тобы құрылды.

Бүгінге облыс прокуратурасы дәріханалармен дәрілерді шекті бағадан жоғары сату бойынша – 30 факті анықтап, уәкілетті органмен 8 дәріхана әрқайсына 361 140 тг айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарының заңсыз айналымы бойынша 6 факті анықтап (жоғары бағамен уйден заңсыз сату, тиісті тіркеусіз сату), тергеп-тексеру барысында заңсыз айналымнан 7 500 дәрілік препарат, 180 000 медициналық бетперде алынды.

Аталған дәрілер мен бұйымдар денсаулық сақтау ұйымдарына тарату және пайдалану үшін толығымен Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

Облыс прокуратурасы осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын және арам пиғылды дәріхана иелері қатаң жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.

Дәрілерді шекті бағадан жоғары сату туралы фактілерді +7 708 421 6147 (WhatsApp)номері бойынша хабарлауыңыз сұралады.