Мемлекетке келтірілген залалды өтеуге қатысты

Мемлекетке келтірілген залалды өтеуге қатысты

Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы өңірдегі
қолайсыз экологиялық жағдайға назар аударды.
Облыс прокуратурасы жүргізген табиғат қорғау заңнамасы
саласындағы тексеру шеңберінде ағымдағы жылдың 5 айында
бюджетке 15,2 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.
Осылайша, жер қойнауын пайдаланушымен экологиялық
рұқсатсыз 5 млн м3 көлемінде шикі (күкіртті) газдың қалыптан тыс
жоғары көлемін жағуға жол берілген.
Прокурорлық қадағалау шараларымен кінәлі Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
328-бабының 1-бөлігі (қоршаған ортаға антропогендік әсер ету
нормативтерін бұзу) бойынша жауапқа тартылып, оған 12,2 млрд
теңге көлемінде айыппұл салынды.
Экологиялық заңнама талаптарын сақтау мәселесі облыс
прокуратурасының ерекше бақылауында.

 

Атырау облысының прокуратурасы