Мемлекетке жер учаскелері қайтарылды

Мемлекетке жер учаскелері қайтарылды

Жылыой ауданының прокуратурасы пайдаланылмаған ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

«Жана-Тан» ЖШС-мен осы санаттағы жер учаскелері игерілмегені және ұзақ уақыт бойы (2020ж. бері) мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен аталған кәсіпорын кадастрлық құны 174 017 800 теңге болатын 79 099 га жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Болашақта оны тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

 

Атырау облысының прокуратурасы