
Қадағалау органы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазіргі уақытта өңірде 18 инвестор өз жобаларын іске асыруда, олар бойынша инвестициялар сомасы 4,6 трлн теңгені құрайды.
Прокурорлар уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, өзара іс-қимылдың жоқтығын, олардың заңды құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Мысалы, 2020 жылы «Олимпик-Атырау» ЖШС-і туристік база мен атқыштар клубын салу жобасын мақұлдады.
Өз кезегінде жергілікті атқарушы орган нысанға инженерлік коммуникациялар әкелуге міндеттенді.
Алайда, жергілікті атқарушы органдар үш жыл бойы өз міндеттемелерін орындау жөнінде мүлдем шаралар қабылдамаған.
Осылайша, Үкіметтің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 31.12.2019 жылғы қаулысының 32-тармағы бұзылған (ЖАО жобаны іске асыру үшін үш жұмыс күні ішінде шаралар қабылдауы қажет).
Нәтижесінде инвестор 50 млн теңге салынған жоба құрылысын жүзеге асыруды мәжбүрлі түрде тоқтатты.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша инженерлік желілерді салуға бюджеттен 49 млн теңге бөлініп, инвестордың құқықтары қорғалды.
Прокуратураның негізгі міндеті проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Атырау облысы прокурорының өкімімен Фронт-офис құрылды және тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-066-77-22).
Атырау облысының прокуратурасы