
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесу өткізу барысында ірі компаниялар салық төлеуден жалтаратыны және мемлекет активтерін шетелге заңсыз шығарғаны туралы атап өтті.
Аталған бағытта облыс прокуратурасы мемлекеттік кірістер органымен, сондай-ақ кәсіпкерлермен салық заңнамасының сақталуына тұрақты негізде талдау жүргізеді.
Жүргізілген талдау нәтижесінде, «БатысТехноСервисез» ЖШС-нің бұрынғы директоры, коммерциялық ұйымның жалғыз басшысы бола тұра, 2018-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 млн теңге сомасына салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Аталған залал, облыс прокуратурасының Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған талап негізінде расталды.
Осыған байланысты, Серіктестік директорына қатысты Қылмыстық Кодекстің 245-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, соттың үкімімен коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл және 4 ай шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды.
Мемлекеттік қазынаны толықтыруды қамтамасыз ету қадағалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.