Облыс прокуроры Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алқа мәжілісіне қатысты

Облыс прокуроры Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алқа мәжілісіне қатысты

27 шілдеде облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің алқа мәжілісіне қатысты.

Іс-шарада Департаменттің ағымдағы жылғы 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы қаралды және алдағы кезеңге мақсаттар талқыланды.

«Қылмыстық қудалау органдарының басты міндеті қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, сапалы тергеу болып табылады», – деп мәлімдеді қадағалау ведомствоның басшысы.

Сондай-ақ облыс прокуроры барлық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында профилактикалық жұмыстарды жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің департаментіне тиісті тапсырмаларды берді.

 

Атырау облысының прокуратурасы