Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

19 шілдеде облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен қала және аудандардың прокурорларының қатысуымен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті.    

Іс-шарада облыс аппараты мен аумақтық прокуратураларының жұмысы нәтижелері талқыланды.

«Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүдделерін қорғау саласында, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Цифрлық технологиялар белсенді қолданылуда», - деп атап өтті қадағалау ведомствоның басшысы.

Атап айтқанда, көрсетілген кезеңде қылмыстылықтың деңгейі 1,8%-ға төмендеген. Төмендеу орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша – 15,9%-ға, аса ауыр қылмыстар бойынша – 13,5%-ға байқалды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 120 мыңнан астам азамат пен 1,8 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Прокуратураның ықпал етуі мен үйлестіруімен 336 жұмысшының алдында 198,8 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді.

Отырысты қорытындылай келе, облыс прокуроры алдағы кезеңге қадағалаудың басымдылары ретінде азаматтардың конституциялық құқықта-ры мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа, қылмыстылыққа, балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға, және де капиталды заңсыз шығаруға, «көлеңкелі экономикаға», алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға қарсы тұру бойынша үйлестіру рөлін арттыруды белгіледі.

Сонымен қатар ол есірткі саудасының алдын алу, қоршаған ортаны қорғау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне де аса назар бөлуді тапсырды.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірқатар басқа тапсырыстар берілді.

 

Атырау облысының прокуратурасы