Атырау облысының полиция департаментінде өткен алқа мәжілісіне облыс прокуроры қатысты

Атырау облысының полиция департаментінде өткен алқа мәжілісіне облыс прокуроры қатысты

Атырау облысының полиция департаментінде өткен алқа мәжілісіне облыс прокуроры қатысты

 

18 шілдеде облыс прокуроры Халидулла Дәуешов Атырау облысының Полиция департаментінің 1 жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша алқа мәжілісіне қатысты.

Іс-шарада аймақтағы криминогендік жағдай және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

«Қылмыстық қудалау органдарының ең маңызды міндеті қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Әрбір анықтаушы мен тергеуші тергеудің сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуі керек», - деп мәлімдеді қадағалау ведомствоның басшысы.

Сондай-ақ облыс прокуроры профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде қылмыспен күрес саласындағы шараларды күшейту бойынша тиісті жұмысты жүргізуге міндетті екенін атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша прокурор полиция органдарына тиісті тапсырмаларды берді.

 

 

Атырау облысының прокуратурасы