Мас күйінде көлік жүргізуші - қылмыскер!

Мас күйінде көлік жүргізуші - қылмыскер!

2022 жылдың өткен кезеңінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық Кодекстің 346-бабымен 20 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

2020 жылдан бастап елімізде көлік құралын масаң күйде басқару қылмыстық құқық бұзушылығын жасағаны үшін жазаны қатаңдату бөлігінде түзетулер енгізілді.

Мұндай адамдардың қылмыстық жауаптылығы қылмыстық теріс қылықтардан қылмыстар санатына ауыстырылды. Енді мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізуші өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер олар ЖКО жасайтын болса, онда одан да ұзақ мерзім – сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер олардың кінәсінен жол апатынан адамдар қайтыс болса, Қылмыстық Кодекспен он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Бүгінгі таңда біздің өңірде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 тұлға бас бостандығын шектеу, 17 тұлға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп атап өтті облыстық прокуратура басқармасының бастығы Бекбала Ақылбеков.

Мәселенің маңыздылығын атап өткен қадағалау ведомствосының өкілі мас күйінде көлік құралын басқармауға кеңес берді.