Облыс прокуратурасында Академия бітірген жас мамандар қабылданды

Облыс прокуратурасында Академия бітірген жас мамандар қабылданды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 23 маусымдағы бұйрығы негізінде Атырау облысының прокуратура органдарының кадрларына жас мамандарды қабылдау шарасы өтті.

Жас мамандар жаңа талаптарға сәйкес Құқық қорғау органдары академиясында 1 жылдық алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған.

Облыс прокуроры Х. Дәуешов өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене және өз ойларымен бөлісе отырып, жас қызметкерлерді прокуратура органдарында қызмет етуге ынталандырды және өзін-өзі дамытумен айналысуға, белсенді өмір салтанатын жүргізуге кеңес берді.

Келген жас мамандардың 4-і Атырау қаласы прокуратурасында және 3-і Жылыой, Индер, Мақат аудандары прокуратураларында өз қызметтеріне кірісті.

Облыс прокуроры жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тілеп, тиісті бағыт-бағдар берді.