Атырау облысының прокуроры журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Атырау облысының прокуроры журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Атырау облысының прокуратурасында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай журналистерге құрмет көрсетілді.

Облыс прокуроры оларға өзара іс-қимылы мен өңір үшін маңызды оқиғалардың объективті жарияланғаны үшін ризашылығын білдіріп, шығармашылық шабыт және жаңа идеялар мен жобалардың табысты іске асырылуын тіледі.

Прокуратура органдарының атынан сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.