Аурухана басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Аурухана басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылқоға аудандық ауруханасының директорына мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 49 945 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылқоға ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесімен аурухана директоры мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызбен сотқа жүгінбегені анықталған.

Осыған орай, аудан прокуратурасы Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіп, аурухана директоры ӘҚБтК-тің 207 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 

Қызылқоға ауданының прокуратурасы