Атырау облысының прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді

Атырау облысының прокуроры кәсіпкерлерді  жеке қабылдау өткізді

Ел Президенті халыққа жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру талабын қойды.

Облыс прокуроры Х.З. Дәуешов кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау өткізді.

Жалпы қабылдауға 5 кәсіпкер келді. Өтініштер қоғамдық көліктің барлық түрлеріне жеңілдіктер, автобустардың бағытын түзету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері, мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз хабарлама шығаруы және экологиялық зертхананы аккредиттеу мәселелеріне қатысты болды.

Барлық кәсіпкерлерді олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды талаптарын шешуге жәрдемдесу мәселелері қызықтырды.

Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер облыс прокурорының бақылауына алынды.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес ай сайын облыс прокуроры Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау жүргізеді.

 

Атырау облысының прокуратурасы