Прокуратура органдары халыққа қауіпсіздік шаралары жөнінде ескертеді

Прокуратура органдары халыққа қауіпсіздік шаралары жөнінде ескертеді

Соңғы уақытта Атырау қаласында иттердің дене жарақатын келтіре отырып азаматтарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға шабуыл жасау жағдайлары жиіледі.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 6 айында адамдарды ит қабумен ұштасқан 112 фактісі тіркелсе, оның ішінде 70-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

Қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстарының тиімсіздігіне және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының тиісті орындалмауына байланысты ұсыну енгізді.

Нәтижесімен, прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілді.

Қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу фактілері әлі де орын алуда.

Осыған байланысты, прокуратура ата-аналарға өз балаларын қоғамдық орындарда ерекше бақылау жасау қажеттілігін ескертеді.

Бұрынғы жылдары қала прокуратурасы ветеринариялық органдармен ит атылғаны жөнінде жалған құжаттар ұсыну арқылы кәсіпкерге артық бюджет қаражатын аудару фактілерін анықтап тиісті қадағалау актісін енгізді.

Келтірілген залал толықтай өтеліп, жауапты тұлғалар қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бүгінгі күні, жануарларды қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы, оның ішінде бұралқы иттерді аулау мәселесі қала  прокурорының жеке бақылауына алынды. 

 

Атырау қаласының прокуратурасы