Атырау облысында мал ұрлығы 40%-ға азайды

Атырау облысында мал ұрлығы 40%-ға азайды

Мал ұрлығы ең резонансты қылмыстардың бірі болып табылатыны белгілі, өйткені мал – ауыл халқының тіршілік әрекетінің негізгі көзі.

2020 жылы мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілді.

Үй малының халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін зор маңызын ескере отырып, Қылмыстық кодекске 188-1 – бап – «Мал ұрлығы» қосылды, ол бойынша бас бостандығынан айырудың ең ұзақ мерзімі 12 жыл.

Бұл оң нәтиже берді. Ағымдағы жылдың 5 айында өңірде мал ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға (17-ден 10-ға дейін) төмендеді.

Жазаның ауырлығы мен тараптардың татуласуына тыйым салу мал ұрлаудың сенімді тосқауылы болды.

Мәселен, Махамбет ауылының екі тұрғыны екі жыл бойы аудан аумағында мал ұрлығымен айналысып, олардың қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сот бұл тұлғаларды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында мал ұрлығының 9 эпизодын жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

 

Атырау облысының прокуратурасы