Экология прокурорлардың қорғауында

Экология прокурорлардың қорғауында

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тиісті лицензиясыз медициналық қалдықтарды өңдеу және жою бойынша қызмет көрсету фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, жаңа экологиялық кодекстің және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның талаптарына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге, оның ішінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға және (немесе) жоюға лицензия талап етіледі. 

Алайда, «Атаким» ЖШС-і мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес Атырау қаласының медициналық мекемелеріне тиісті рұқсат құжаты болмай, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөнінде қызметтер көрсетті. 

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларымен қаланың 15 емханасы мен 2 оңалту орталығымен жасалған 22,4 млн теңге сомасына медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтерге мемлекеттік сатып алу туралы 19 шарт бұзылды, олардың 14 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, облыстық экология департаментіне ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша (яғни тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша) кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бағытында шаралар қабылдау жөнінде заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.

 

 Атырау облысының мамандандырылған

табиғат қорғау прокуратурасы