Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен қала және аудандар прокурорларының қатысуымен 2021 жылдағы жұмыс қорытынды-лары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Іс-шарада аумақтық прокуратуралары мен облыс аппаратының жұмысы нәтижелері талқыланды.

«Бізбен мемлекеттің мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында, қылмыстылықтың алдын алу бойын-ша бірқатар жұмыс атқарылды. Қылмыстық процестің үш буынды моделі институтын белсенді еңгізудеміз. Бірақ көбін әлі де істеу керек», - деп атап өтті ведомствоның басшысы.

Атап айтқанда, қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекеттік бюджетке 1,9 млрд теңге өтелді. 2,9 млрд теңгеге 17 мемлекеттік сатып алу-дың қорытындылары, 1,5 млрд теңгеге 19 шарттың күші жойылды.

20 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Прокуратураның үйлестіруімен 226 жұмысшының алдында 373,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді.

188 заңсыз тексерулер мен 97 әкімшілік өндірістің күшін жоюмен 1 229 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Отырысты қорытындылай келе, Халидулла Дәуешов алдағы кезеңге қадағалаудың басымдылары ретінде азаматтардың конституциялық құқықта-рын қорғауды, көлеңкелі экономикаға, алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға, балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға және есірткі саудасына қарсы тұру бойынша үйлестіру рөлін арттыруды белгіледі.

Сонымен қатар ол дәрі-дәрмекпен және медициналық қамтамасыз ету, білім беру, бюджет қаражаты мен жайылымдық учаскелерді пайдаланудың заңдылығы мәселелеріне де аса назар бөлуді тапсырды.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірқатар басқа тапсырыстар берілді.