Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің төрағалығымен уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларын шақырумен 2020 жылы және 2021 жылдың өткен кезеңінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуының тиімділігі мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. 

Іс-шарада жолдарда және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемелары, оларды шешу жолдарын талқылаумен қаралды.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біз үшін аса маңызды міндет! Әрбір мемлекеттік орган көшеде болсын, өндірісте болсын қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде кешенді шаралар қолдануға міндетті", - деп атап өтті қадағалау органының басшысы.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі уәкілетті мемлекеттік органдар рөлінің маңыздылығын атап өте отырып, облыс прокуроры қысқа мерзімде жолдардағы жағдайды кезең-кезеңімен жақсарту шараларын әзірлеуді ұсынды.

Сондай-ақ облыс прокурорымен еңбек қауіпсіздігі және қорғалуы мәселелері бойынша ұйымдастыру шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысын тиісті бағалаумен бірқатар тапсырмалар берілді.