БАЛА САУДАСЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ

БАЛА САУДАСЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ

Облыс прокуратурасының бастамасымен 2021 жылғы 23 шілдеде бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның қатысуымен бала саудасына қарсы тұру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы, полиция, қорғаншы және қамқоршы органдарының өкілдері де қатысты.

«Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттің назарында үнемі болуы тиіс, сондықтан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау басымды бағытта» - деп облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов атап өтті.

Мәселенің өзектілігін белгілей отыра, қадағалау ведомствоның өкілі бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдарға бірқатар нұсқаулар берді.