Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Атырау облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың төрағалығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Оған уәкілетті мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП филиалы қатысты.

Іс-шарада кәсіпкерлердің өзекті проблемалары, сондай-ақ олардың қызметіне тексеру жүргізу тәртібі талқыланды.

«Бизнес субъектілерінің қызметін тексере отырып, олардың құқықтарын бұзбау және заңсыздыққа жол бермеу маңызды. Мобильді топтар мұндай фактілерге жедел әрекет етуге міндетті», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бүгінге Мобильдік топтар шағын бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша бірқатар жұмыс жүргізді. Оларға қатысты 400-ден астам заңсыз тексерудің жолы кесілді, 27 млн. теңгеден астам сомаға 262 әкімшілік іс жүргізудің күші жойылды.

Кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын ескере отырып, облыс прокуроры мемлекеттік бақылаудың негізгі бағыттары мен Мобильдік топтардың міндеттерін атап өтті.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нұсқаулар берілді.