Облыс прокуратурасында ағымдағы жылдан бастап Тренингтік орталық жұмыс жасауда

Облыс прокуратурасында ағымдағы жылдан бастап Тренингтік орталық жұмыс жасауда

 

Бүгінгі күні облыс прокуратурасының жанында прокурорлардың Тренингтік орталығында семинарлар өткізілуде.

Орталықтың мақсаты – қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу шеңберінде жеке құрамның біліктілік деңгейін нығайту. 

Бұл орталық барлық қажетті техникамен қамтылған, «Е-қылмыстық іс» жүйесінің тәжірибелік сабақтарын жүргізу үшін (стилус, веб-камера, биометриялық сканер, проектор және интерактивтік тақта) құралдары бар.

Қазіргі уақытта қызметкерлердің кәсіби, теориялық және тәжірбиелік деңгейін жоғарлату үшін семинарлар өткізілуде.

Облыс прокуратурасы қызметкерлерді өзін-өзі дамытуға, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған әр түрлі бағдармалар дайындап, жаңа енгізіліп жатқан заң жобаларын үйретуде.

        Саланы дамытуға, мамандарға қосымша білім мен тәжірбие беретін Тренингтік орталық қызмет көрсетуде.