Облыс прокуратурасы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры және прокурордың жауаптау шеберлігі» тақырыбында семинар өткізді

Облыс прокуратурасы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры және прокурордың жауаптау шеберлігі» тақырыбында семинар өткізді

Облыс прокуратурасында «Жәбірленушілерге өтемақы қоры және прокурордың жауаптау шеберлігі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар облыс прокурорының бірінші орынбасары Ж.Туғанбаевтың төрағалық етуімен 04.06.2021 жылы қала, аудан, арнайы прокуратураларының жас мамандарының қатысуларымен онлайн форматта өткізілді.

Семинардың мақсаты мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби біліктілік деңгейі, сот отырысында өзін өзі ұстау, сөз сөйлеу мәнері мен оның шеберлігін жетілдіруді, іске дайындалу деңгейін көтеру және этика кодексінің талаптары болып табылады.

Облыс прокурорының бірінші орынбасары Ж.Туғанбаев жас мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін шыңдау, іске дайындалу деңгейін көтеру, сырт келбеті мен этика кодексінің талаптары талқыланып, қатысушылар сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды.  

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді.