Атырау прокурорлары 5 млрд теңгелік жобаға кедергі болған жер мәселесін шешті: зауыт құрылысы 2027 жылы басталады

Атырау прокурорлары 5 млрд теңгелік жобаға кедергі болған жер мәселесін шешті: зауыт құрылысы 2027 жылы басталады

Атырау қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны шамамен 5 млрд теңге болатын заманауи кірпіш зауытын салатын «Sapa Stone» ЖШС-ның инвестициялық жобасын іске асыруға кедергі болған жер мәселесін шешті. Жоба аясында 65 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Прокурорлық қадағалау барысында жобаны іске асыруға ауданы 40 гектар жер учаскесіне қатысты дау кедергі келтіргені анықталды.

Сот талқылауы жыл басынан бері жалғасқан. Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, қабылданған түпкілікті сот шешімі инвесторға жобаны іске асыру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта «Sapa Stone» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті. Зауыт құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланған.

Жаңа өндіріс өңірдегі құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттыруға, 65 жұмыс орнын ашуға және Атыраудың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Осылайша, прокурорлардың араласуы инвестициялық жобаның келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді.

Прокуратура инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтау және жою, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқығын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.   

 

Атырау облысының прокуратурасы