
Атырау қаласында қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған «Атырау қаласының цифрлық картасы» атты жасанды интеллект платформасы іске қосылуда.
Жүйе құқық бұзушылықтар туралы деректерді талдап, ерекше назар аударуды қажет ететін аумақтарды анықтайды.
Алынған талдау патрульдік полицияның маршруттарын бағыттауға және нақты мекенжайларда профилактикалық шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тұрғындармен кері байланыс орнату көзделген. QR-кодтар арқылы тұрғындар проблемалық учаскелер мен қауіпсіздікке әсер ететін факторлар туралы ақпарат бере алады.
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін профилактиканың басқа бағыттарында да пайдалану жоспарлануда.
Атап айтқанда, ықтимал қауіптерді уақтылы анықтау мақсатында мектептердегі бейнебақылау жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселесі қарастырылуда.
Сонымен қатар нашақорлық, лудомания, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар пысықталуда. «5 минуттық құндылық» жобасы спорттық секцияларда да іске асырылды.
Аталған мәселелер «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте талқыланды.
Қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қаладағы қылмыстың жалпы деңгейі 12,5%-ға, ауыр қылмыстар 21,3%-ға, ұрлық 22%-ға, бұзақылық 31,8%-ға төмендеді. «Вокзал маңы» шағын ауданында қылмыстар саны 25%-ға азайды.
Атырау қаласының прокуроры Мерген Меңдіғалиев: «Цифрлық шешімдер нақты проблемалық учаскелерді анықтап, уақтылы шаралар қабылдауға көмектесуі тиіс. Бұл ретте анықталған әрбір мәселе бойынша жауапты орган нақты нәтижеге жетуі қажет», – деп атап өтті.
Атырау облысының прокуратурасы