Атырау облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестірді

Атырау облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестірді

Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру аясында елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру қағидаларының сақталуы мәселелері бойынша полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы күшейтілді.

Өткізілген іс-шаралар шеңберінде 48 бірлескен рейд ұйымдастырылып,          98 заңсыз қоқыс орындары анықталып, 1000-ға жуық тонна қоқыс шығарылды, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 84 қоқыс орны жойылды.

Заң талаптарын бұзғаны үшін 483 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін прокурорлық қадағалау актілері негізінде 41 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.

Атырау облысының прокуратурасы белгіленбеген орындарға қоқыс төгу және қоғамдық аумақтарды ластау заң талаптарын бұзу болып табылатынын, мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылықтың көзделгенін еске салады.

Қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір тұрғынның тазалықты сақтауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға қосқан үлесінен құралады.

Заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.

                                                                   Атырау облысының прокуратурасы