
Өңірдегі ең ірі инвесторлардың бірі «Тексол Транс» ЖШС отандық машина жасау саласын дамыту жобасын іске асыруда.
Жалпы инвестиция көлемі шамамен 24 млрд теңгені құрайды, 300-ден астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.
Бұған дейін облыс прокуратурасы олардың құқықтарын қорғап, 230 млн теңгеден астам сомаға заңсыз есептелген салықтың күшін жойды.
Аталған инвестициялық жобаны сапалы сүйемелдеу нәтижесінде инвестор Атырау қаласында жаңа тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығын ашты.
Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев нысандарды жеке аралап көріп, орталықтың ашылуы отандық сынақ инфрақұрылымын дамытудағы және қазақстандық машина жасау өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды кезең екенін атап өтті.
Жалпы, прокуратура биылдың өзінде 3,9 трлн теңге көлеміндегі жобаларды іске асырып жатқан, 3 500 жұмыс орны көзделген
49 инвестордың құқықтарын қорғады.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмысы инвесторлардың құқықтары бұзылуының кез келген дерегіне жедел ден қою арқылы жалғасуда.
Атырау облысының прокуратурасы