Атырау облысының Жылыой ауданында 62 заңсыз қоқыс орны анықталды

Атырау облысының Жылыой ауданында 62 заңсыз қоқыс орны анықталды

Жылыой ауданының прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында ауданның елді мекендері аумағында заңсыз қоқыс үйінділерін орналастыру фактілерін анықтады.

Көзбен шолып тексеру барысында Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, сондай-ақ Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қараарна және Майкөмген ауылдық округтерінің аумағында 51 учаскеде орналасқан 62 заңсыз қалдықтар жиналатын орын анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды.

Нәтижесінде Құлсары қаласының әкімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі және 5 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Өндіріліп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 227 мың теңгені құрады.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ауданның 495 тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын белсенді қолдауға шақырады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында.

Атырау облысы Жылыой ауданының прокуратурасы