
Атырау қаласының прокуратурасы өскелең ұрпақты тәрбиелеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясын өткізді. Шара барысында 100-ден астам еріктімен және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының 50-ден астам сарбазымен бірлесіп, округ аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және тиісті қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген акция мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын нығайтуға және азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешуге септігін тигізді.
Сонымен қатар, Алмалы ауылдық округінің Мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. 50-ге жуық жергілікті тұрғын құқықтық көмек пен кеңес алды.
Жеке қабылдау барысында азаматтардың жұмысқа орналасу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және жер қатынастары мәселелері бойынша өтініштері қаралды. Барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер беріліп, жекелеген мәселелер бақылауға алынды.
Акция аясында бос жұмыс орындары мен жоғары оқу орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылып, халыққа медициналық және әлеуметтік-консультациялық көмек көрсетілді.
Іс-шаралардың нәтижесі бойынша 2 жасанды жол кедір-бұдыры («жасанды жол кедергісі») орнатылып, жол таңбалары сызылды, сондай-ақ жағалау аумағына 2 ескерту белгісі қойылды.
Атырау қаласының прокуратурасы